12 қыркүйек 2019 15:21

Алматыда әйел мен балаға шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда тапа-тал түсте белгісіз біреу баласымен кетіп бара жатқан әйелді тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда тапа-тал түсте белгісіз біреу баласымен кетіп бара жатқан әйелді тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға орнында түсірілген видео @kris.p.almaty паблигінде жарияланды. Видеода тротурамен баласын арбамен сүйреп келе жатқан әйелдің артынан бойшаң келген ер адамның жақындағаны көрінеді. Ол әйелді қылғындырмақшы болған сыңайлы. Алайда әйел оған қарсылық көрсетеді. Автордың айтуынша, оқиға Саяхат маңында болған. Сондай-ақ, ұры әйелдің ұялы телефонын алып кеткен.

Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаның 11 қыркүйекте 15:40-та болғанын айтады. 

"Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның мойынынан алтын алқасын жұлып алған. 28 жастағы әйел мен балаға азият нәсілді, ірі денелі ер адам шабуылдаған. Жақын маңда қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция экипажына ер адамның бағыттамасы берілді. 

Қазіргі уақытта арнай жедел тергеу тобы осы іспен айналысып жатыр. Шабуылдаған ер адамның кім екені әзірге белгісіз, алайда полиция өкілдері оның жақын арада ұсталатынына уәде берді. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети