17 қыркүйек 2019 17:43

Алматыда бала ұстаған әйелге шабуыл жасаған жігітке іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бала ұстаған әйелге шабуыл жасаған жігітке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда бала ұстаған әйелге шабуыл жасаған жігітке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін, атап айтқанда, 11 қыркүйекте сәбиімен жүрген 28 жастағы әйелді тонағаны үшін Жетісу аудандық полиция басқармасы 28-30 жастағы, бойы 170-175 сантиметр, азият нәсілді ер адамға іздеу жариялады", - делінген полиция хабарламасында.

 Шабуыл жасаған уақытта, оның үстінде көк түсті спорттық костюм, спорттық шалбар, аяғында көк түсті кроссовка, ал басында - ақ түсті бас киім болған. 

Қандай да бір мәліметті білген жағдайда мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: 254-49-01; 254-49-02; 254-49-06; 8-702-870-06-95; 8-708-952-55-94 немесе "102", -  деп қорытындылады полицейлер. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети