04 маусым 2015 12:19

Алматыда белгісіздер бір түнде төрт көлікті өртеп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда машиналар тағы да қасақана өртеліп жатыр, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісі. 


Алматыда машиналар тағы да қасақана өртеліп жатыр, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісі. 

Алғашқы қоңырау Toyota Rav4 өртеніп жатқан Бұзырбаев көшесінен түскен. Өртті ауыздықтаған бойда Жібек жолы көшесінде Lexus және Subaru Forester автомобильдерінің жанып жатқаны туралы хабар келді. Мұны сөндіріп болған кезде тағы бір қоңырау түсті: ауладан бір жігіт жүгіріп шығып, тағы бір Lexus көлігінің өртеніп жатқанын хабарлаған.

Кейін белгілі болғандай, белгісіз біреу Жібек жолы мен Бұзырбаев көшелеріндегі автомобильдерге жанғыш сұйықтық құйып, кейін тұтандырған. Нәтижесінде, Rav4 көлігінің оң жағына, екі Lexus автомобилінің жүксалғышына, ал Subaru Forester көлігінің алдыңғы бамперіне зиян келді.

Айта кетейік, 2013 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың мамырына дейін Жамбыл және Шагабутдинов көшелерінің қиылысына жақын маңдағы үйлердің ауласында бірнеше көлік өртенген болатын. Күдікті ретінде осы маңдағы үйлердің бірінде тұратын 1990 жылғы келіншек ұсталды. Оның пәтерінен "өртенген машиналарға" деген жазуы бар газ баллоны табылды. Полицейлердің айтуынша, қылмыс болған жерлерден әйелдің саусақ іздері табылған. Ол өз кінәсін мойындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети