25 шілде 2019 09:12

Алматыда бес үйді тонап, 17 жастағы қызды зорлаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда таңғы уақытта 5 үйді тонаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Алматыда таңғы уақытта 5 үйді тонаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Айыпталушы өзінің арам ойын іске асыру кезінде баспанада тәтті ұйқыда жатқан 17 жастағы қызды айуандықпен зорлаған. Жасаған қылмыстары толықтай дәлелденгендіктен сот Төкеновті 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Тұрғындар 40 жастағы қылмыскер өрмешкідей екенін айтады. Бесінші қабатқа еркін өрмелеп мініп, үшінші қабаттан оңай секірген. Темір торға тоғытылған ұрының артында кәмелет жасқа толмаған баласы қалды. Сондықтан, осындай жаза кесілген. Зардап шеккен тарап 15 күннің ішінде сот шешімін аппеляцияға бере алады. Сондай-ақ, судья материалдық шығындары толық өндіріліп беретінін жеткізді.

Түрлі психологиялық күйзеліске түстік деген жұртшылықтың бұл шешіммен келіскісі жоқ. Айыпталушының баласын бағатын анасы барын айтқан олар ұрыға ұзақ мерзімді талап етіп қайтадан шағымданамыз деп отыр.

"Бұл шешімге келіспеймін. Неге? Өйткені бұл Төкенов екі рет сотталған. Оған қалай жеңілдік беріледі? Ол қызының асыраушысы жоқ емес қой. Асыраушысы бар. Оны қарап отырған анасы бар. Ал әйелінің айтуы бойынша осы уақытқа дейін бірге тұрмаған", - дейді жәбірленуші Ақмарал Әбдіраманова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети