31 тамыз 2016 15:13

Алматыда бетперде киген қарулы адам тұрғындардың зәресін алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция қызметкерлері тұрғын үй кешенінің маңында қолында тапаншаға ұқсас затпен жүгіріп жүрген қарулы ер адамды ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның куәгерлері хабарлады. Олардың айтуынша, бұл оқиға Сәтбаев көшесіндегі "Асыл Тау" тұрғын үй кешенінің маңында болған. Куәгерлер ер адамның жасыл күрте, көзілдірік пен бетперде киіп алғанын айтты.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, ол адамдардың айғайы мен жедел жәрдем көлігінің дауысын естіген соң бұл оқиғаны видеоға түсіре бастаған. Оның айтуынша, полицейлер тұрғындарды үйдің кіреберіс жерінен бастап шығармаған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрғындардан терезеге жақындамауын сұраған.

Дегенмен тұрғындардың бірі аулаға шығып, жасыл күрте киген ер адамның қасына барған. "Осы уақыт бойы полиция қызметкерлері шетте тұрды. Куәгерлердің бірі қаруланған ер адамды жұлқылаған кезде ғана полицейлер олардың жанына жүгіріп барды. Бұған дейін ер адам ары-бері аулада жүгіріп жүрді. Ол ешкімге ешқандай талап қоймады. Тіпті шөптің үстіне барып жатты", - деді куәгер.

Басқа бір куәгердің айтуынша, сол уақытта ер адамға біреу "Атпа" деп айғайлаған. Оқиғаның екі куәгері де атысты естімегенін айтып, түсіндірді. Айта кетейік, бұл оқиға шамамен сағат 13.00-де болған. Қазіргі уақытта қаруланған ер адамды полиция қызметкерлері алып кетіпті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети