Алматыда бір түнде екі дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Оқиға орны. ©"Территория происшествий" бағдарламасы. Оқиға орны. ©"Территория происшествий" бағдарламасы.

Алматы қаласында екі жігіт бір түнде екі дүкенге қарақшылық шабуыл жасады, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласында екі жігіт бір түнде екі дүкенге қарақшылық шабуыл жасады, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

7 ақпан күні сағат 03.00 шамасында полицияға Алматы қаласындағы Рысқұлов - Емцов көшелерінің қиылысында қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен "Боран" экипажының қызметкерлері қарақшылық жасауға күдікті ретінде екі жігітті ұстады. 

Бағдарлама тілшісінің мәліметінше, белгісіз екі адам аялдамадағы дүкенге кіріп, сатушы қызды ұрып, ақша талап еткен. Бұған дейін олардың "Массагет" бизнес орталығы ауданындағы тағы бір дүкенге қарақшылық шабуыл жасағаны анықталды. Тексеріс барысында олардан ақша табылды. Жапа шеккендерді жедел жәрдем қызметі тексеріп шықты, ауруханаға жатқызылған жоқ. Ал күдіктілер аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда сатушыларды алдап, алаяқтық жасаған екі жігіттің ұсталғаны хабарланған болатын. Олардың бірі - 21, екіншісі 19 жаста, екеуі де жұмыссыз. Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімінің басшысы Мұрат Қаспақбаевтың айтуынша, екі жігіт ақша табудың оңай жолын іздеп, алаяқтық әрекет жасаған.  

 


 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.37  course up  610.36  course up  6.7  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer