27 сәуір 2018 12:44

Алматыда ДАИШ идеясын насихаттаған әйел сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© grifoninfo.ru © grifoninfo.ru

Алматыда ДАИШ идеясын насихаттаған әйелге жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда ДАИШ идеясын насихаттаған әйелге жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматының Алмалы аудандық сотында азаматша С.-ке қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") бойынша қаралды. 

"2012 жылы интернет ресурстары арқылы халықаралық ДАИШ террористік ұйымының әрекетімен танысып, сотталушы С. "Құран" аяттары мен хадистерін бұрмалап тәржімаланған "қарулы жиһад" радикал діни көзқарасты ұстанған. Сотталушы С., радикал ислам ағымының ықпалында болып, радикал исламның және халықаралық ДАИШ террористік ұйымының идеологиясын насихаттау үшін насихаттау материалдарын сақтап, таратқан", - деді сотта. 

Сот отырысы барысында сотталушы С. өз кінәсін толығымен мойындады. Сот үкімімен ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі орта деңгейлі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети