Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда дәрігерді ұрып-соғу оқиғасы: Айыпталушының адвокаты мүлдем басқа нұсқаны айтты

02 Желтоқсан 2015, 17:48
1

Алматыда жедел жәрдем дәрігерін ұрып-соқты деп айыпталып отырған ер адамның адвокаты болған оқиғаның мүлдем басқа нұсқасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Райфа Баймұхаметованың айтуынша, дәрігер бірінші болып ашуланып, соққы жасаған, сосын ғана ер адам тасты көтеріп алып, жедел жәрдем қызметкеріне лақтырған.

Қорғаушының айтуынша, бұл мәлімет дәрігерлерді шақыртып, оқиғаның куәгері болған екі қыздың көрсетпесімен сәйкес келеді. "Қыз жедел жәрдемді шақырды. Ол жүрегінің ауырып тұрғанын айтқан. Бастапқыда бірінші бригада келді, кейін екіншісі жетті. Дәрігерлер қызды ауруханаға жеткізгісі келген, бірақ қыз бен менің қорғауымдағы адам бұған қарсы болды. Дәрігерлер болса өз дегендерін істегісі келген, сол кезде айыпталушы қызбен бірге жедел жәрдем көлігімен барғысы келді. Бірақ дәрігерлер оған қарсы болды", - деді адвокат.

Осыдан кейін Баймұхаметованың айтуынша, ер адам мен дәрігерлердің арасында келіспеушілік болды, дәрігерлердің бірі тосыннан айыпталушының бетіне соққы жасайды. "Оның мұрны сынды. Бұдан кейін ол тасты алып, өзін қорғау үшін лақтыра салды. Ол тасты біреуге дәлдеп лақтырмағанын айтты, оның мүмкіндігі де болмады - беті қан-қан болды, көзі жасаурап тұрды", - деді қорғаушы. 


Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады делінген күдікті. © Батыр Ягофаров

Дәл осы нұсқаны айыпталушының досы Батыр Ягофаров айтып берді. "Ол менің жақсы досым, таныстығымызға 16 жыл болды. Ол ешқашан ашуын көрсетпеген. Оның екі жоғары білімі бар: құрылыс және экономика салаларында. Оның кәмелетке толмаған екі баласы бар, тұрақты жұмысы бар, асырауында егде жастағы ата-анасы бар. (...) Барлығыңыздан мәліметке түрлі жақтан қарауларыңызды сұраймын және ерте бастан шешім шығармауларыңызды сұраймын, расталмаған деректермен адамды айыптамауларыңызды сұраймын", - деп мәлімдеді ол. 

Қазіргі уақытта Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады делінген күдікті уақытша ұстау изоляторында. Оның кепіл арқылы босату туралы өтініші қанағаттандырылмады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар, күдіктінің досының айтуынша, олардың тарапы жәбірленуші тараппен байланысып, көмектесуге тырысыпты.

Еске салайық, оқиға 26 қарашаға қараған түні Наурызбай ауданының жеке секторында болды. Қызмет көрсетуде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуылдап, олардың бірінің басына кірпішпен соққы жасаған. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ол ес-түссіз күйде жансақтау бөлімінде жатыр. Шабуылдаған ер адам ұсталды.  

Айта кетейік, оқиғадан кейін Алматыда жедел жәрдем дәрігерлерінің төтенше жиыны өтті. Дәрігерлер болған оқиғаға байланысты наразылық танытып, шақыруларға шығуға қорқатынын мәлімдеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай