Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыда дәрігерді ұрып соқты деп айыпталған ер адам сотқа келмеді

16 Наурыз 2016, 11:52
0
Наркескен Сейсембаев
Наркескен Сейсембаев

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында жедел жәрдем дәрігері Наркескен Сейсембаевты ұрып-соғу ісі бойынша сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қылмысты жасады деп айыпталып отырған - Алматы тұрғыны Рифхат Базикенов бірінші сот тыңдауына денсаулығының сыр беруіне байланысты келмеді. Сотталушының адвокатының айтуынша, ер адам қазір ем алып жатыр.

"Қазіргі уақытта менің қорғауымдағы адамның күндізгі станционарда денсаулығының нашарлауына байланысты жақанына байланысты бүгін сот отырысына келе алмады, осыған байланысты сәйкес анықтаманы ұсынамын", - деді сотталушының адвокаты Райфа Баймұхаметова. Айта кетейік, осыған дейін айыпталушы кепілақы арқылы босап шыққан. 

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-пункті бойынша айып тағылып отыр. Денсаулыққа көрінеу ауыр жарақат келтіргені үшін ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Сонымен қатар, сотқа зардап шеккен дәрігер Наркескен Сейсамбаевтың өзі де денсаулығына байланысты келе алмады. Оның әкесінің айтуынша, Наркескенге екі рет ота жасалды, қазір оған реабилитацияға уақыт қажет.

"Оның жағдайы жақсы емес, сондықтан сотқа келе алмайды. Соттан процессті кейінге қалдыруды сұраймыз", - деді әкесі Нақып Сейсембаев. Зардап шеккеннің туыстары сотталушыдан моральдық және материалдық өтемақы талап етпек. Судья Саят Әбдіғалымов тараптардың пікірін тыңдай келе, іс қарауын 1 сәуірге қалдырды. 

Еске салайық, оқиға 26 қарашаға қараған түні Наурызбай ауданының жеке секторында болды. Қызмет көрсетуде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуылдап, олардың бірінің басына кірпішпен соққы жасаған. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ол ес-түссіз күйде жансақтау бөлімінде жатыр. Шабуылдаған ер адам ұсталды. Айта кетейік, оқиғадан кейін Алматыда жедел жәрдем дәрігерлерінің төтенше жиыны өтті. Дәрігерлер болған оқиғаға байланысты наразылық танытып, шақыруларға шығуға қорқатынын мәлімдеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай