20 қаңтар 2017 17:00

Алматыда досының ақшасы мен көлігін ұрлап кеткен ер адам жазадан құтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cardmates.net © cardmates.net

Алматыда ер адам досының көлігі мен ақшасын қолды еткен. Көлікті Қапшағай қаласына жеткізіп, ойынхана тұрағына қойып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 2016 жылдың 3 шілдесінде болған. 

"Сол күні Д. есімді ер адам Б. есімді досымен бірге үйіне келіп, әйелімен жанжалдасып қалғандықтан, онымен сөйлесіп, кешірім сұрап беруін өтінген. Осылайша Б. есімді азамат отбасын татуластыру мақсатында досының үйіне кіріп кетеді. Д. есімді ер адам досының көлігінде қалып қояды. Осы кезде ол көлік жүксалғышынан 250 мың теңгені көріп қалып, ақшаны қолды етеді де, көлікті құжатсыз айдап кеткен. Осы бетте Қапшағайға келген соң "ГВ" ойынханасы алдындағы тұраққа көлікті қойып кеткен", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Д. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс Алматының Медеу аудандық № 2 сотында қаралды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Екі жақтың мәмілеге келуіне байланысты сот айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. 

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети