13 желтоқсан 2016 18:08

Алматыда екі жігіт электршіміз деп, зейнеткерлерді тонап кетіп жүрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Медеу ауданының полицейлері екі жігітті ұстаған, олардың жасы 23-те және 24-те. Жедел шаралар кезінде анықталған мәліметтер бойынша, олар тек егде жастағы кісілерді алдап отырған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласы Медеу ауданының полицейлері екі жігітті ұстаған, олардың жасы 23-те және 24-те. Жедел шаралар кезінде анықталған мәліметтер бойынша, олар тек егде жастағы кісілерді алдап отырған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Қаскөйлердің бірінші құрбаны "Горный Гигант" ықшамауданының 70 жастағы тұрғыны болған, ол өздерін электршіміз деп таныстырған екі адамды үйіне кіргізген. Сонымен қатар, зейнеткер оларға сөзсіз сеніп, құжаттарын да тексермеген. Жалған электршілер құрылғыны тексеріп болғаннан кейін үй иесіне қатаң заңбұзушылық болғанын айтып, ірі көлемде айыппұл салынатынын мәлімдейді. Сол мезетте құжаттар толтырып, зейнеткерден 20 мың теңге сұрайды. Тергеушілер осындай екі жағдайды анықтаған. Зардап шегушілер бірнеше болуы мүмкін. Көптеген қарт кісілер байыбына бара бермейді, сол себепті де ішкі істер органдарына хабарласпайды. Біз қазір күдіктілердің түр әлпетін көрсетіп, мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 254-48-00 және 254-48-01", - деді Медеу аудандық ІІБ полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта екі күдікті Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети