14 желтоқсан 2016 | 11:46

Алматыда екі күн ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ 230 көлік анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© idrive.kz © idrive.kz

Алматыда екі күндік "Нөмір белгісі" шарасы барасында 230 автомобиль мемлекеттік тіркеу номерінсіз жүргені анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда екі күндік "Нөмір белгісі" шарасы барасында 230 автомобиль мемлекеттік тіркеу номерінсіз жүргені анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, полицейлер ұрланған немесе жоғалған мемлекеттік нөмірлерді тағып жүрген адамдарды анықтаған. "Қаламыздың жолдарында екі мың 457 құқықбұзушылық тіркелген. Соның ішінде 230 көлік иесі мемлекеттік нөмірінсіз көлік жүргізген, жалған номерлерді тағып жүрген төрт дерек тіркелген, 133 көліктің номерлері дұрыс оқылмайды, көлікті мас күйінде жүргізген 10 дерек тіркелген, қарсы жолға шығып кеткен үш дерек тіркелген. Сонымен қатар, 97 көліктің терезесі көлегейленген, 185 жүргізуші қауіпсіздік белбеубін тақпағаны үшін жауапкершілікке тартылды, тағы 204 автомобиль иесі рөлді басқара отырып, телефонмен сөйлескені үшін айыппұл салынған, 44 жүргізушісі апатты жағдай туғызған және 37 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін айыппұл арқалады", - деді Алматы қалалық ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов. 

Полицейлердің айтуынша, көптеген жүргізушілер көліктің алдығы нөмірін шешіп тастап, асқан жылдамдықпен қозғалғанда видеотіркеу құрылғыларының назарынан тыс қалады. Алайда осы әрекеті үшін олар жауапкершілікке тартылатын болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети