03 мамыр 2019 16:32

Алматыда ер адам әкесін пышақтап өлтірген деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық полиция департаменті © Алматы қалалық полиция департаменті

Алматыда ер адам әкесімен сөзге келіп, оны пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда ер адам әкесімен сөзге келіп, оны пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, әкесі ауруханада қайтыс болған.

"Түрксіб аудандық полиция басқармасына Орджоникидзе көшесіндегі жер үйлердің бірінде ер адамның әкесін өлтіргені жайлы хабарлама келіп түсті. Тергеу мәліметінше, олар бірге ішімдік ішіп отырған, нәтижесінде марқұм анасы үшін сөзге келіп, баласы әкесінің кеудесіне екі рет пышақ салған. Әкесі алған жарақаттан ауруханада көз жұмды. ", - деп хабарлады Түрксіб аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев.

Оның айтуынша, жедел-іздестіру шарасы барысында ер адам ұсталып, кінәсін мойындады. Сондай-ақ, оның осыған дейін сотты болғаны анықталған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети