19 қараша 2019 09:26

Алматыда ер адам шуламауын өтінген жігітке оқ атқан

© au.ru © au.ru

Алматыда мас адам шуламауын өтінген ер адамға оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда мас адам шуламауын өтінген ер адамға оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға тамызда Дрожник ықшамауданында болған. Мас ер адам көпқабатты үйдің алдында досын шақырып, шу шығарған. Тұрғындар одан шуламауын сұраған. Өтініш жасағандардың ішінде балконда тұрған ер адам болды. Мас адам оған сигнал тапаншадан атып жіберген. Жәбірленуші жеңіл жарақат алған.

"Артынша жәбірленуші мен қоғам тыныштығын бұзған ер адам татуласты. Жәбірленуші сотқа қылмыстық істі тоқтатуға өтініш жазды. Сот шешімі бойынша айыпкер өзара келіскендеріне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енбеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети