04 желтоқсан 2018 10:22

Алматыда есірткі сатумен айналысқан адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үйінде жарты келі есірткі затын сақтаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үйінде жарты келі есірткі затын сақтаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, 1980 жылғы ер адам әкесімен бірген тұрған.

"Алматыдағы Түрксіб ауданында орналасқан үйде қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жүргізілген тінту жұмыстары барысында шамамен 300 грамм ақшыл сары түсті ұнтақталған зат пен 200 грамм өсімдіктен жасалған заттар табылған. Сот-химиялық сараптамасы ер адамнан героин мен марихуананың табылғанын анықтады", - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Ерлан Алмағамбетов.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, 38 жастағы ер адам осыған дейін де аса ірі көлемде есірткі затын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған және есірткіге тәуелді адамдардың есебінде тұр.


© Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам изоляторға қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети