28 желтоқсан 2016 16:51

Алматыда хакерлер банк есепшотынан 155 миллион теңге ұрлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тергеу мәліметінше, банк есепшотынан 155 миллион теңге ұрлады делінген хакерлер сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дияс Махамбетовқа сілтеме жасап.

Сот отырысы Жетісу ауданының №2 сотында өтіп жатыр. Сот алдына екі күдікті келіп отыр: Александр Митин мен Руслан Хусаинов. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі бойынша ("Ұрлық", ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық) күдікті деп танылды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сотталушылар 2015 жылдың сәуір айында интернет-банкинг пен арнайы электрондық бағдарламаларды қолдану арқылы жеке компаниядағы банк есепшотының паролін бұзып, 155 миллион теңге ұрлаған", - деді Дияс Махамбетов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Митин мен Хусаинов қамауға алынды. Сот отырысы 4 қаңтарға белгіленді.

Сондай-ақ, осы қылмыстық іспен қатар сотта тағы бір киберқылмысқа қатысты іс қаралып жатыр. Тергеу мәліметінше, сотталушылар Бас прокуратураның, Салық комитетінің және Қаржы министрлігінің атынан вирус таратқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети