20 ақпан 2015 15:08

Алматыда "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының мүшесі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz мұрағатынан ©Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматыда "Хизб-ут-Тахрир" исламшыл ұйымының мүшесі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түрксіб аудандық соты ұсталған Құлтановты ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабы 2-бөлігіне сәйкес айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын қоныс колониясында өтейді. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында Құлтановты Майлин көшесінде қолға түсірді. Одан Қазақстан заңымен тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" діни экстремистік партиясына қатысты түрлі діни кітаптар, үнпарақ пен бейнежазбалар табылып, тәркіленді, сотталған азамат кінәсін толық мойындады.

"Сотталушы Құлтанов өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады. "Хизб-ут-Тахрир" діни ұйымына мүше болған ол өзін "қандай да бір діни араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер жасадым" деп санамайды. Полиция қызметкерлері ұстаған кезде ол өзін дінді халыққа таза жолмен үгіттеуші ретінде көрсетіп, алынған діни тұрғыдағы әдебиеттердің қайдан алынғанын білмеймін деп мойындамады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүкіл әлемде діни мемлекет құруды мақсат ететін ұйымның қызметіне көптеген ел тыйым салған. Ал Ресейдің жоғарғы соты ұйымның қызметін "лаңкестік" деп таныған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети