Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматыда жанармай бекетіне шабуыл жасалды

13 Қаңтар 2015, 12:02
0
©Hedline.kz
©Hedline.kz

Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, оның бірі бұған дейін осы мекемеде оператор болып жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер 7 қаңтар күні 04.00-де Әуезов ауданында орналасқан жанармай бекетіне шабуыл жасаған. Полицейлердің мәліметінше, 20-25 жас аралығындағы екі ер адам жанармай бекетіне кіріп, күзетшіні пышақпен қорқытады да, оның қол-аяғын скотчпен байлап тастайды. Бұдан кейін олар 200 000 теңге көлемінде ақша мен күзетшінің ұялы телефонын алып кеткен.

Полицейлер қол-аяғы байланған күзетшінің бір жарым сағат өткеннен кейін ғана босай алғанын айтты. Бұдан кейін ол болған оқиға жайлы полицияға хабар береді. Бұл уақытта шабуыл жасағандар ізін жасырып үлгерген.

"Бұл қаражат бекеттің кассасынан ұрланса, ал ұялы телефон - күзетшінің жеке заты. Шабуыл жасағандардың қолында пышақ болды. Айта кетерлігі, олар жанармай бекетінің ішіндегі қызметшілердің орнын және ақшаның қайда жатқанын білген. Күзетшінің осы айтқандары қарақшыларды ұстауға мүмкіндік берді. Жедел тергеу тобы арнайы зерттеу жүргізіп, бұл мекемеде осыған дейін жұмыс істеген қызметкерлерді тексере бастады. Біздің күдігіміз бос болмапты: осы шабуылды жасады деген күдікпен 23 жастағы ер адам анықталды, ол осы жерде оператор болып жұмыс істеген. Жұмыстан шығып кеткенін бір ай болған", - деді Алматы қалалық ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Тәртіп сақшылары шабуылдаған екінші азаматтың аты-жөнін анықтады, ол - Алматы облысы Іле ауданының 22 жастағы тұрғыны. Сонымен бірге, екеуінің де жерлес екені және жұмыссыз жүрген азаматтар екені белгілі болды.

Полицейлердің айтуынша, жанармай бекетінде қарапайым қауіпсіздік құралдары - дабыл жүйесі мен бейнебақылау камералары орнатылмаған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай