18 мамыр 2016 12:11

Алматыда жантүршігерлік жол апатын жасаған адам сотта жылап жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санат Жанатбеков сот залында. © Tengrinews.kz Санат Жанатбеков сот залында. © Tengrinews.kz

Алматыда ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Санат Жанатбековтың соты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Ол екі адамды қағып өлтірген болатын. 


Алматыда ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Санат Жанатбековтың соты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Ол екі адамды қағып өлтірген болатын. 

BMW тізгінінде болған қызметкердің соты Жетісу аудандық №2 сотында Елмахан Ділдәбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Сотталушының айтуынша, ол ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында жұмыс істеген. Бұған дейін сотталмаған, үйленген, қызы бар. Бірінші отырыста 31 жастағы Санат Жанатбеков өз кінәсін толықтай мойындайтынын мәлімдеді.

"Мен түнгі кезектен шыққанмын, өз көлігіммен кеңсемізден Рысқұлов Сейфуллинге келе жатқанмын. Тісім ауырып келе жатқан, Саяхатқа қарай бара жаттым. Менімен бірге достарым, әріптестерім болды, біз кезектен бірге шыққанбыз. Көлікте төрт адам болдық. Түнде ұйықтамадым. Жангелдин көшесімен келе жаттым, алдымда Daewoo Matiz көлігі бұрылып жатқанда ойға батып кетіппін. Тоқтай алмайтынымды біліп, автобус жолағына қарай бұрып жіберіп, жол жиегіне шығып кеттім. Адамдарды қалай қаққанымды көрмедім. Көліктен шыққанда ғана көрдім", - деді сотталушы. Кейін ол сөйлей алмай тұрғанын айтып, жылап жіберді.

Ер адам оқиға болған күні мас болмағанын айтады. Сотталушының айтуынша, ол сағатына шамамен 80 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Түнгі ауысымнан таңғы уақытта шыққанда оны кеңсеге шақырыпты, ол жұмыс орнында ұялы телефон қолданғаны үшін түсініктеме жазу үшін барыпты. "Меніңше, мұның барлығы әсер етті, ауысым қиын болды, тіс ауырды, түсініктеме жаздым, жұмыста жағымсыз жағдайлар болды. Тізгінде отырғанда осының барлығын ойлап кеттім", - деді сотталушы Жанатбеков.


© "Территория происшествий"

Еске салайық, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 14 сәуірде Алматыдағы Жангелдин көшесінің бойында болды. Daewoo Matiz жүргізушісінің айтуынша, ол Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта жүріп бара жатып, Сидоркин көшесіне қарай оңға бұрылғысы келген. Осы уақытта қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақпен BMW автомобилі үлкен жылдамдықпен келе жатқан. BMW көлігі Daewoo Matiz-ге соғысып, ол жол жиегінде тоқтап тұрған Subaru Legacy маркалы көлікке соқтығысқан. BMW осыдан кейн қозғалысын жалғастырып, үш жаяу адамды қаққан. Салдарынан екі адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, үшіншісі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Куәгерлердің айтуынша, BMW көлігінде үш адам болған, олардың бірі жол апатынан кейін қашып кеткен де, екеуі ауруханаға түскен. Сараптама қорытындысында оның оқиға кезінде мас болмағаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети