Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алматыда жасөспірімдер 12 жастағы қызды зорлаған

22 Тамыз 2014, 14:52
0
 ©kp.ru
©kp.ru

Алматыда бір топ жасөспірім 12 жастағы қыз баланы зорлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың анасы Гүлнәр Сидоятованың айтуынша, оқиға қыста Бостандық ауданында болған, алайда ол жөнінде енді ғана мәлім болып отыр.

"Қызым әлеуметтік желілерде Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепте оқитын бір баламен танысқан. "ВКонтакте" желісінде өзара сөйлескеннен кейін желтоқсанда кездейсоқ жолығысады. Олар Науаи көшесіндегі үйге келген кезде ер бала қызды шешінуге мәжбүрлейді, кейін зорлап, қасына достарын шақырып алады, олар да қызымды зорлады", - дейді Сидоятова.

Анасының айтуынша, болған оқиғаны қыз ешкімге айтпаған. Әйел бұл туралы оның телефондағы хабарламаларына қарап білген. Сидоятованың айтуынша, тергеу созылып кетті, полицейлер толық ақпаратты хабарламай отыр.

Алматы ішкі істер департаменті мамандарының хабарлауынша, бұл дерек бойынша "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық
қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер" бабымен қылмыстық іс қозғалды. "Тергеу жүргізу мерзімі бұзылған жоқ, іс республиканың Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай жүріп жатыр. Қазіргі уақытта сот-биологиялық және сот-психиатриялық сараптамасының нәтиежелерін күтіп отырмыз", - дейді қалалық ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, тамыздың ортасында Алматыда екі ер адам бір қызды зорлап, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәліметінше, қазіргі уақытта олар табылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай