Алматыда жемқорлыққа қарсы қызметтің жалған куәлігімен жүрген алаяқ ұсталды

18 Қараша, 12:18
0
Алматыда жемқорлыққа қарсы қызметтің жалған куәлігімен жүрген алаяқ ұсталды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Алматыда жемқорлыққа қарсы қызметтің жалған куәлігімен жүрген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ер адам біраз уақыт іздеуде жүрген.

"16 қарашада жалған қызметтік куәлікті қолдану туралы ақпаратты тексеру барысында Алматы қаласының Төле би көшесіндегі 50-54 үй мекенжайы бойынша 24.07.1987 жылы туған, Алматы облысының тұрғыны Құтелов Бақыт Майлықұлы ұсталды. "Әбіш Бахтиярдың" атына жалған мәліметтері мен оның фотосы бар аса маңызды істер жөніндегі офицердің жалған құжаты алынды", - деді жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.

Ұсталған Құтелов Алматы облысының полиция департаментіне берілді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай