17 қаңтар 2020 09:14

Алматыда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті деп шағымданған келіншекке қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр. © ktk.kz Видеодан алынған кадр. © ktk.kz

Алматыда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті деп шағымданған келіншекке қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Алматыда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті деп шағымданған келіншекке қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Полицияның мәліметінше, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті деп шағымданған келіншектің өзі жеңіл жүріспен табыс тапқан.

"Қазір "Алдын ала сөз байласып, адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы дерекке қатысты 4 адам күдікке ілінді. Оның екеуі Аида мен Камила есімді қыздар уақытша тергеу изоляторына қамалды. Жәбірленуші өзін құлдықта ұстады деген үй жезөкшелердің ордасы болды деген ақпарат расталған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы басшысы Жанболат Зиадин.

Полицияның мәліметінше, жеңіл жүрісті қыздар арасындағы жанжал ақшадан туындапты. "Жәбір көрдім" деп шағымданған 25 жастағы келіншек күдіктілерге ақша қарыз болып, қайтармай жүрген көрінеді. Кейін ашуға булыққан Аида мен Камила жәбірленушіні бір жігіт арқылы пәтеріне шақыртып, оны тепкінің астына алып, үйіне қамап қойған.

Жеңгесінің қатысы бар. Алматылық қыз жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғанын айтты

Еске салайық, мұның алдында Алматыда 25 жастағы келіншек біреулердің ұрлап әкетіп, жезөкшелік жолға түсірімек болғанын айтып шағымданғаны хабарланған. Жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берген еді. Зорлық құрбанының денесінің сау тамтығы қалмаған - басы жарылып, үсті-басы түгел қанталап кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети