06 мамыр 2016 11:13

Алматыда жүргізуші адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция 60 жастағы ер адамды қағып кетіп, оқиға орнынан із жасырған жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 6 мамырға қараған түні Алатау ауданында болды. "Анықталған мәліметтер бойынша, белгісіз автомашина Шаңырақ-2 ықшамауданындағы Жаңқожа батыр көшесімен келе жатып, рұқсат етілмеген жерден жолдан өтпек болған 60 жастағы ер адамды қаққан. Жүргізуші зардап шеккенге көмектесудің орнына оқиға орнынан жасырынған. Зардап шеккен адамның өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полициядағылар. 

Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбековтың айтуынша, адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі сотқа дейінгі бірыңғай тергеудің реестрінде тіркелген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети