Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыда қалыңдық ұрланғаннан кейін "жедел ұстау" жоспары жарияланды

12 Қараша 2015, 15:48
0
Коллаж © Tengrinews.kz
Коллаж © Tengrinews.kz

Алматыда қалыңдық ұрланғаннан кейін "жедел ұстау" жоспары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"12 қараша сағат 08.50-де Алматы ІІД Жедел басқару орталығының "102" арнасына жергілікті тұрғындардан хабар келіп түсті, олар қызды біреулердің күштеп көлікке отырғызып, алып кеткендерін айтты. Оқиға орнына жол-патрульдік полициясы мен жедел-тергеу тобы жетті. Мамандар көлік пен оның иесін анықтады. Ізделіп жатқан көлікті ұстау үшін қалада "жедел ұстау" жоспары жарияланды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

ІІД мәліметінше, бұл дерек "Адам ұрлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. "Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес және полицияның өзге қызметі бірігіп қыздың қайда екенін анықтау және қылмысқа қатысы барларды ұстау шараларын қолға алды", - деді ІІД мамандары.

Еске сала кетейік, Алматыда қалыңдықты алып қашқандар бейнеленген видеоролик жарияланды. Видео Instagram желісіндегі instavideo_kaz парақшасында пайда болды. Видео сипаттамасына қарағанда, оқиға 12 қараша күні Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде болған. "Қыз сол колледждің студенті. Оны қырғыздардың номері бар көліктегі жігіттер ұрлап әкетті", - делінген сипаттамада.

Оқу орнының басшысы Жарқын Жаниязованың айтуынша, ұрланған қалыңдықтың есімі - Айсель. Ол 17 жаста, бірінші курста оқиды. "Қыздың ұлты - түрік. Жақсы қыз, өте тәрбиелі. Ол сабақтан ешқашан қалмайды, білімге құштар", - деді ол. 12 қараша күні қызды оқу орнына оның ағасы жеткізіп салған. "Ол жерде қызды екі көлік күтіп тұрды. Қыз ағасымен бірге колледждің ауласына кіргені сол еді, олардың жанына ірі денелі сегіз жігіт жақындап барды. Олар қызды көтеріп алды. Осы кезде оларға күзетші мен колледжің қызметкерлері жүгіріп барды. Жігіттер оларды итере бастады. Біздің әкімшіліктегілердің барлығы жүгіріп шықты - екі ер адам мен әйелдер. Бірақ олар расында да аса ірі денелі азаматтар еді, тіпті қыздың ағасы оларды ұстап тұра алмады", - деді колледж директоры.

Осыдан кейін қыздың ағасы ата-анасы мен полицияны шақыртты. Колледж басшысының айтуынша, студент қыздың туыстары арыз жазып, аудандық ІІБ-ге аттанды. Оның айтуынша, қыздың туыстары оны ұрлап әкеткен жігітті және мұндай жағдайдың болатынын білген сияқты. "Қыздың ағасы оны ұрлап әкеткендердің аты-жөндері мен телефондарына дейін полицейлерге атап берді", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай