Алматыда қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізуші әйел адамды ұрып-соққан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Myslo.Ru © Myslo.Ru

Алматы тұрғыны Райхан Ирсимбетова отбасылық жұпты өзін және отбасының мүшелерін жолдың бойында ұрып соқты деп айыптайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таяуда әйел адам Facebook желісіндегі парақшасында оқиғаның мән-жайын жазып, куәгерлер болса, хабарласуын өтінген. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Райхан Ирсимбетова отбасылық жұпты өзін және отбасының мүшелерін жолдың бойында ұрып соқты деп айыптайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таяуда әйел адам Facebook желісіндегі парақшасында оқиғаның мән-жайын жазып, куәгерлер болса, хабарласуын өтінген. 

Алматылықтың айтуынша, 13 қазанда кешкі уақытта шамамен 18.45-те ол балаларымен және әпкесімен мектептен үйге қайтып бара жатқан. Төле би-Әйтиев қиылысына жеткенде, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен Lexus келе оларға қарама-қарсы жатқан. Көлікте ер адам мен әйел адам болған. 

Ирсимбетова Lexus жүргізушісінің жол бермедің деп айқай салғанын айтады. Әйелдің айтуынша, ер адам оның бетінен ұрған және әйелді құлатып алып, тепкілей бастаған. Осы уақытта әйелдің балаларымен әпкесі көліктен шығып ажыратпақ болғанда, Lexus салонында отырған әйел оларға жабыла кеткен. Осы уақытта ер адам Ирсимбетованың әпкесіне көшіп, жағынан бірнеше рет ұрған. Соңында олар баланың басынан ұрып кетті, - дейді әйел.

Осы оқиғадан кейін жұп оқиға орнынан із суытпақ болған. Алайда, қатарласып келе жатқан бір көлік олардың алдына тұрып, жауып тастаған. Ирсимбетова полиция шақырған, бірақ отбасылық жұпты оқиға орнына келген полицейлер жібере салған көрінеді. Осы орайда, әйел адам сол оқиғаның куәгері болған қала қонақтары мен тұрғындарынан көмек сұрады.

Ал өз кезегінде қалалық ішкі істер департаментіндегілер осы оқиғаның біріңғай реестерге 13 қазанда тіркелгенін хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында сот-медициналық сараптама жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша, денсаулыққа жеңіл зиян келтiрілген. Осыған байланысты іс ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабы ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру") бойынша жүргізіліп жатыр. 

"Бүгін іс материалдары аудандық сотқа жіберіледі және сот шешімі шығады. Осы орайда, екінші жақ, азаматша Рысалды Оразбаева 14 қазанда Ирсимбетоваға қатысты ІІБ-ге барып, арыз берген", - деді полициядағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer