04 наурыз 2015 09:56

Алматыда кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©army.news.ru ©army.news.ru

Наурыздың 4-іне қараған түні Алматыда кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлердің мәліметінше, төлем терминалынан қаражат жинап жатқан жеке кәсіпкерден белгісіз біреулер 500 мың теңгені тартып әкеткен.

ІІД баспасөз қызметінің өкілдері оқиға кезінде травматика қаруы қолданылғанын айтты. Полиция ҚР ҚК 192-бабы ("Қарақшылық шабуыл") бойыншы қылмыстық іс қозғады. "Күдіктілерді анықтап, оларды ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, жедел-тергеу шаралары өтіп жатыр. Тоналған кәсіпкердің инкассация жасау кезінде қауіпсіздік шараларын қажетті деңгейде қолданбағаны анықталды. Ол терминалдан ақша алуға күзетшілерді емес, туыстарын ертіп келген болып шықты", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Еске сала кетейік, оқиға Mega Almaty сауда кешенінде болды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршауға алды. Күдіктілердің автокөлікпен қашып кеткен белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети