06 наурыз 2015 10:16

Алматыда кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасауға күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Dknews.kz ©Dknews.kz

Алматыда кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасауға күдіктілерді ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, наурыздың 4-іне қараған түні Mega Almaty сауда - ойын-сауық орталығы маңында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалған еді.


Алматыда кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасауға күдіктілерді ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, наурыздың 4-іне қараған түні Mega Almaty сауда - ойын-сауық орталығы маңында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалған еді.

"Жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілердің кім екені анықталды. Бүгін түнде бұл қылмысқа қатысы барлардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында. ІІД баспасөз қызметінің өкілдері оқиға кезінде травматика қаруы қолданылғанын айтты. Полиция ҚР ҚК 192-бабы ("Қарақшылық шабуыл") бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктілердің алдын ала дайындықтан кейін қылмысқа барғаны жедел шаралар жүріп жатқан бірінші сағаттарда-ақ анықталып қойған. Полицейлер жеке кәсіпкердің қайда баратыны мен қашан баратынына дейін мәлімет беріп отырған адамның оның жүргізушісі болып шыққанын айтады. "Күдіктілер тобына кәсіпкердің қозғалыс бағыты мен кестесін осы жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі ақпараттандырып отырған", - деді Алматы ІІД криминалдық полициясының басшысы Жанболат Зиадин.

Мұнымен қатар, полицейлердің айтуынша, бұл қарақшылық шабуыл бойынша үш адамға күдік келіп отыр. Олар - Жамбыл облысының түрлі аудандарының тұрғыны. Оның үстіне, үшеуінің де бұған дейін бірқатар қылмыс бойынша, оның ішінде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. 

Қазіргі уақытта заттай айғақтар тәркілеу шаралары жүріп жатыр. Сонымен бірге, ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Тергеу жалғасып жатыр. 

Еске сала кетейік, оқиға жеке кәсіпкер төлем терминалынан қаражат алып жатқан кезде болды, қылмыскерлер оның 500 мың теңгесін алып қашып кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети