28 қыркүйек 2017 13:16

Алматыда қайтыс болған клиентінің есепшотынан қаражат жымқырған банк қызметкерлері сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Алматыда "Сбербанк" филиалы басшысының орынбасары мен оның қоластындағы қызметкері банктің аса ірі көлемдегі қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу аудандық №2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда "Сбербанк" филиалы басшысының орынбасары мен оның қоластындағы қызметкері банктің аса ірі көлемдегі қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу аудандық №2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2015 жылдың маусымында Алматыдағы "Сбербанк" АҚ-ның №101 филиалының бастығының орынбасары банк клиенттерінің арасында жүргізілген акция кезінде "Сбербанк" АҚ-нің клиенттеріне беру үшін "FA" дүкендер желісінде косметика өңімдері мен киім-кешекті алуға құқық беретін 100 000 тенге номиналындағы 80 дана сыйлық сертификаттарын алған.

"Ол өзінің қызметтік  жағдайын пайдаланып бұл сертификаттарды иемденіп, банктің 14 клиентіне тиесілі 1 500 000 теңге сомасында "SFA" дүкенінде тауар алған", - деді соттағылар.

Ал  2016 жылдың 28 наурызында ол өзіне бағынышты С.-ны "Сбербанк" АҚ-ның сеніп тапсырған мүлікті иемденіп алу, талан-таражға салуға итермеледі. А. "Сбербанк" АҚ -да өзінің атына бастапқы жарнасы 7 706 275 теңге ақша сомасында есепшотын ашты. 2016 жылдың сәуір айында банктің клиенті А. кенеттен қайтыс болды, оны С. білген соң банк клиенті А.- ға есеп шотына қызығушылық танытқан Б.-ға хабарлады және оның мұрагерлерінің жоқтығы туралы анықтады.

"Банк клиенттерінің шоттарына тікелей өкілеттілігі бола тұра, С. мен Б. смс банкинг арқылы "Сбербанк онлайн" картасының көмегімен А. клиентінің банк картасынан 7 663 000 теңге ақша сомасын алып "Сбербанк" АҚ-на аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірді", - делінген соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, соттағылар сот отырысы барысында сотталушылардың өз кінәларын толық мойындағанын айтты.

"Сот үкімімен Д. есімді ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3-бөлігінің 1-тармағында, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркілеумен, 5 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты емес банкілік қызметпен лауазым атқарудан айыра отырып 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, жазаны өтеу орта қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесіндегі мекемесінде өтеу белгіленді.

С. есімді ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда  кінәлі деп танылып, 5 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты емес банкілік қызметпен лауазым атқарудан айыра отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының 3-бөлігінің негізінде  тағайындалған жаза 7 жылға шартты деп саналды", - делінген соттың хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети