12 қараша 2019 10:41

Алматыда клуб маңында төбелескен студенттер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда түнгі клубтардың бірінде студенттердің қатысуымен жаппай төбелес болған еді. Полицейлер екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қылмысқа барды деген күдікпен Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде 1 курста оқитын екі студент анықталып, ұсталды.

"Олардың айтуынша, танымайтын біреулермен жанжалдасып, артынша төбелескен. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу шараларын Алматы қалалық ПД-нің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр", - деді қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. 

Айта кетейік, Алматы полициясы таяу күндері Желтоқсан көшесінің бойындағы караоке-бардың алдында болған төбелеске қатысушылардың кім екендерін іздестіріп жатқаны айтылған еді. Instagram желісіндегі @kris_p_almaty паблигінде төбелестің видеосы жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети