Алматыда қолдан арақ-шарап жасағандар ұсталды

26 Сәуір, 09:03
0
Алматыда қолдан арақ-шарап жасағандар ұсталды - Видеодан алынған кадр. © almaty.tv
Видеодан алынған кадр. © almaty.tv

Алматыда танымал маркалы алкоголь өнімдерін қолдан жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Almaty.TV тілшісі.

Телеарнаның мәліметінше, кәсіпкер астыртын жолмен өз үйінде брендті сусындардың атын жамылып, жалған өнім дайындаған. Мамандар тінту барысында ол жерден 2 мың дана жалған есепке алу-бақылау маркасы мен бос бөтелкелерді және дайын өнімдерді тәркілеген.

"Жедел-іздестіру операциясы кезінде жалған ішімдік дайындайтын жер анықталды. Ұсталған ер адам үйінде жасырын жолмен алкоголь өнімдерін дайындаған. Ол есепке алу-бақылау маркілерін принтерден шығарып отырған. Оқиға орнын тексеру барысында дайын өнімдер, жәшік-жәшік бос бөтелкелер мен бірнеше марка табылды. Күдікті жасаған ісін толықтай мойындады", - деді Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жандар Ибрагимов.

Телеарна тілшісінің айтуынша, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-тармағы негізінде іс қозғалды.

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу барысында олардың нақты қанша жалған өнім жасағаны есептеліп жатыр. Бұл аз болса, тексеру барысында үйден есірткі заттар да табылып, тергеушілер қосымша қылмыстық іс қозғалатыны айтылады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай