21 шілде 2015 07:40

Алматыда көлік өртеуші видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©YouTube кадры ©YouTube кадры

Алматыда бейнебақылау камерасы автомобиль өртеушіні түсіріп алды. Видеожазбаны Motor.kz басылымына қолданушы Дмитрий Голубинский жолдады.


Алматыда бейнебақылау камерасы автомобиль өртеушіні түсіріп алды. Видеожазбаны Motor.kz басылымына қолданушы Дмитрий Голубинский жолдады.

Басылымның мәліметінше, көлік өртеуші Toyota Land Cruiser маркалы автомобильді өртейді. Соңғы айда осы маркалы 4 автомобиль және Toyota Sequoia маркалы бір көлік өртенді. 

Бірінші жағдай 6 маусымда Жамбыл көшесінің бойында болды - сол күні екі автомобиль жанып кеткен еді. Екінші және үшінші көлік өртеу деректері екі күннен кейін қайталанды - 8 маусымда Брусиловский көшесінде, онда осы модельді көлік, сонымен қатар Тұрғыт Озал көшесінің бойында қаскөй Toyota Sequoia жол талғамайтын көлігін өртеген.

Ал соңғы жағдай 14 шілдеде Сәтбаев көшесінің бойында болды, Toyota Land Cruiser Prado 150 маркалы авто жанды. Дәл осы оқиға видеоға түсіп қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети