04 мамыр 2017 | 15:09

Алматыда көлік тұрақтарынан кешкісін ақша жинап жүрген қылмыстық топ анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенконың иллюстрациялық суреті © Владимир Прокопенконың иллюстрациялық суреті

"Алматы Спецтехпаркинг сервис" ЖШС ақылы тұрақтар операторының өкілдері қалада көлік тұрағы үшін кешкісін ақша жинайтын қылмыстық топ барын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

"Алматы Спецтехпаркинг сервис" ЖШС ақылы тұрақтар операторының өкілдері қалада көлік тұрағы үшін кешкісін ақша жинайтын қылмыстық топ барын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өткен айда күнделікті 19:00-ден кейін адамдар келіп ақша жинап жүргенін тіркедік. Жаппай арыздар болды. Біз ІІД қызметкерлеріне жеткіздік. Бұл топты анықтау шаралары дайындалды. Тексеру келгенде олар қашып кетіп отырды. Жедел шаралар кезінде үш адам ұсталды. Олардың біреуге жұмыс істейтіні түсінікті. Олармен тергеу органдары айналысып жатыр", - дейді "Алматы СТПС" ЖШС-ның ақпараттық технологиялар бойынша директоры Роман Налепов.

Роман Налепов 19:00-ден кейін тұрақ ақылы емес екенін, ал осы уақытта ақша талап еткендер болса 102-ге хабарласу керектігін айтады. 

"Бірінші - полицияға хабарласу керек немесе бізге хабарласа алады. Бізде бұл деректерді тіркеп, полицияға өткізетін қауіпсіздік қызметі бар", - деп түсіндірді ол. 

Оператор өкілдері тұрақ үшін қолма-қол ақша алынбайтыны еске салып отыр. Жилет киген ақша жинаушылар заңсыз қызмет істеп жатыр. Жеке аумақтар ғана, мәселен, сауда орталықтарына ғана мұндай рұқсат етілген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети