Алматыда колледжден қарудың муляждарын ұрлаған екі жігіт ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Алматы ІІД Баспасөз қызметі ©Алматы ІІД Баспасөз қызметі

Өткен жылдың 26 желтоқсанында Алматыда екі жігіт қызық көргендіктен колледжден қарудың муляжын ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өткен жылдың 26 желтоқсанында Алматыда екі жігіт қызық көргендіктен колледжден қарудың муляжын ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Олар оқу сыныбының терезесінің торын аралап, алып тастағаннан кейін ішке енген. Бұдан кейін жігіттер "АКС-74" оқу автоматының 4 данасын (муляждар) және 2 "ИЖ-60" пневматикалық винтовкасын ұрлап, осылайша 220 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Құқық қорғау органдарына оқу құралдарының жоғалғаны жайлы колледждің директоры хабарлады.Осы дерекпен тергеу бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу тобы құрылып, оның өкілдері күдіктілердің аты-жөнін анықтады. күдіктілер ұсталып, оларға сот ешқайда кетпеу туралы қолхат пен тиісті шараларды санкциялады", - деді Алматы қаласы Бостандық аудандық ІІБ полиция бөлімі басшысының орынбасары Құмарбек Кеншібаев.

Күдіктілерден жауа алу кезінде олар өз кінәсін бірден мойындап, муляждарды біреуді қорқытып, үркітуге қолдану туралы ойы болмағанын айтты. Олардың айтуынша, автоматтардың муляжын жастар қызық көргеннен алып кеткен.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрланған заттар тәркіленіп, қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді. Ұрлағандардың бірі 20 жаста, ол жұмыссыз, екіншісі 19 жаста, ол жоғары оқу орнының бірінші курсында оқиды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай таяуда Теміртау қаласында болған еді. 22 қаңтарда белгісіз біреулер өндірістік-технологиялық колледжінде оқ-дәрі салынған сейфті ұрлап кеткен болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, темір сейфте пневматикалық үш винтовка болған. "Ұрылардың есікті сындырмай, кілтпен ашқаны күмән келтіреді. Мұнда ішкі істер басқармасының криминалистері болды, олар қарап шыққаннан кейін қылмыскерлердің кілті болғанын айтты. Біздің жұмысшылардың сейфтегі винтовкалардың ұрлануына қатысы жоқ деген үміттеміз", - деді колледж өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer