19 сәуір 2014 10:27

Алматыда КТК телеарнасы бағдарламасының кейіпкерін айуандықпен өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Людмила Жаманшалова "Біздің шындық" бағдарламасында. КТК телеарнасы кадры Людмила Жаманшалова "Біздің шындық" бағдарламасында. КТК телеарнасы кадры

Алматыда, КТК телеарнасындағы жұма күнгі "Біздің шындық" ("Наша правда") бағдарламасы қарсаңында осы хабардың басты кейіпкері – зейнеткер Людмила Жаманшалованы айуандықпен өлітіріп кеткен.


Алматыда, КТК телеарнасындағы жұма күнгі "Біздің шындық" ("Наша правда") бағдарламасы қарсаңында осы хабардың басты кейіпкері – зейнеткер Людмила Жаманшалованы айуандықпен өлітіріп кеткен.

Бас сүйегі сынған және бірнеше жерінен пышақпен жарақаттанған егде әйелдің денесі оның өзінің жекеменшік үйінен табылды. Люда апа осы қайғылы өлімінен бірнеше күн бұрын Алексей Шахматовтың бағдарламасына қатысып, өзін жақын туысқандарынан қорғауды өтінген болатын.

Қарт әже ұзақ жыл туған қызы – Бибігүлдің езгісінің астында өмір сүрген. Люда апайдың айтуынша, қызы оның зейнетақысын тартып алып, аштықпен азаптап, бірнеше рет қол көтерген. Соңғы уақытта Люда апа мүлде бөтен адаммен – гастарбайтер Романмен тұрып жатқан...  Туған қызынан оттан шошынғандай қорыққан.

Бағдарлама түсірілген соң бірнеше күннен кейін Люда апа ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Оның денесін көршілері тауып алған.

Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер Романды да жауапқа тартты. Бірақ ол қарт әжені көптен бері көрмегендігін айтып сендіруде: ызалы туыстары оны бір ай бұрын үйден қуып шыққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети