18 қараша 2015 10:55

Алматыда қылмыскерлер бір ақша айырбастау орнын екі рет тонамақшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© delfi.lt © delfi.lt

Алматыда қылмыскерлер бір ақша айырбастау орнын екі рет тонамақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда қылмыскерлер бір ақша айырбастау орнын екі рет тонамақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шабуылға үш ер адам қатысқан. Олар ақша айырбастау орнын биыл 8 маусымда және 18 шілдеде тонамақшы болыпты, қылмыскерлер травматикалық тапаншамен және электрошокермен қаруланған. "Дегенмен екі жағдайда да ақша айырбастау орнындағы күзетшілердің белсенді қарсылығының арқасында ақша қаражаттарын иелене алмаған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Үш айыпталушы да сот алдына келді. Оларға "Қарақышылық" бабы бойынша айып тағылды.

Сот үкімімен екі қылмыскер 12 жылға, біреуі 11 жылға сотталды.

Еске сала кетейік, Астанада 17 тамызда таңертең "Байлық Finance айырбас пунктіне қарулы шабуыл жасалған болатын. Ер адам оқ атып, ақша айырбастау орнының қызметкерлері үстелдің астына тығылды, сөйтіп олар күзетшілерді шақыратын батырманы басты. Қылмыскер үш тәуліктің ішінде ұсталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети