Алматыда қызды өлтіргендер ұзақ жылға сотталды

11 Шілде 2014, 17:48
0
Алматыда қызды өлтіргендер ұзақ жылға сотталды - Саида Ыбырайымова.
Саида Ыбырайымова.
Алматыда қызды өлтіргендер ұзақ жылға сотталды - Сотталушылар. ©Владимир Прокопенко
Сотталушылар. ©Владимир Прокопенко
Алматыда қызды өлтіргендер ұзақ жылға сотталды - Судья Ерлан Болатов. ©Владимир Прокопенко
Судья Ерлан Болатов. ©Владимир Прокопенко

Алматыда қызды өлтірген үш ер адамға қатысты сот үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Іс фигуранттарының бірі - Жан Алагөзовке мүлкін тәркілеумен бірге 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ол жалпы режимдегі колонияда жаза өтейтін болады. Гавгаз Әлиев 18 жылға бас бостандығынан айырылды, оның да мүлкі тәркіленеді, ол да жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейтін болады. Үшінші сотталушы - Әлібек Ерғалиұлы жалпы режимдегі колонияда төрт жыл жаза өтеуге сотталды. Ол сот залында қамауға алынды.

Жәбірленуші тараптың моральдық шығын өндіру туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды, судья Алагөзов пен Әлиевтің әрқайсысынан 1 млн 500 мың теңге өндіруге қаулы шығарды. Сот үкіміне 15 күн ішінде шағым келтіруге болады.

Еске сала кетейік, сотталушылар 4 наурыз күні Саида Ыбырайымованы асқан қатігездікпен өлтіріп кеткен еді. Алдымен оны бұрынғы таныстарының бірі үйіне шақырады, кейін ер адам достарымен бірге қызды зорлап, телефон сымымен қылғындырып өлтіреді. 24 жастағы қыз әсемдік салонында жұмыс істеген. Ол күйеуге шығуға қамданып жүрген. Оның мәйіті бірнеше күннен соң табылды. Күдіктілер сотта қылмысты жасыру үшін марқұмның мәйітіне бірнеше литр жанармай құйып өртегенін мойындады. Жан Алагөзов пен Гавгаз Әлиевтер бірден қамауға алынды, кейін жәбірленуші тараптың адвокаты үшінші сотталушы Әлібек Ерғалиұлын да тұтқындауды сұрады. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай