12 маусым 2017 19:16

Алматыда лақап аты оғаш естілетін атақты жеңгетай тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматылық полицейлер жеңгетайларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 


Алматылық полицейлер жеңгетайларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 

Салтанат Әзірбектің сөзінше, қылмыстық топты Эля Геморрой лақап атын жамылған Өзбекстан тумасы басқарған. 1984 жылы туған әйелдің шын аты - Эльвира. "Ол сыбайластарымен бірге - бір қыз және екі ер адам - жеңгетайлықпен айналысқан. Олар жезөкшелікпен айналысатын қыздарды тауып, қаланың сауна және қонақүйлерімен байланыс орнатқан. Эльвира қызметке алған қыз жезөкшелерден ақша жинап, олардың жұмысын қадағалайтын болған. Ол осы ұйымға мүше жүргізушілер арқылы қыздарды тапсырыс түскен орынға жіберіп отырған", - дейді Әзірбек. 

Алматының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаланың бірқатар сауналарын тінтіп, ұялы телефондар мен өзге де дәлел заттарды тапқан. Жалпы алғанда 16 нысанға тексеру жүргізілді. 

Полицейлердің айтуынша, Эля Геморрой осы ортада өте білгілі есім. Қазір ол және оның үш көмекшісі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда олардың мүлкі тәркілене отырып, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 


© Тengrinews.kz


Алматы ІІД баспасөз қызметі жіберген иллюстрациялық сурет

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети