10 ақпан 2016 17:43

Алматыда мас күйінде сәбиді көлікпен басып кеткен әйелдерге қосымша жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мас күйінде сәбиді көлікпен басып кеткен әйелдерге қосымша жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews TV.


Алматыда мас күйінде сәбиді көлікпен басып кеткен әйелдерге қосымша жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews TV.

Прокурордың талабынан кейін апелляциялық инстанцияның соты сотталған Зайра Серікбаева мен Айгүл Есенбаеваға қосымша жаза тағайындады. Енді олар көлік құралын жүргізу куәлігінен айырылды. Серікбаева көлік тізгініне 5 жыл бойы, ал Есенбаева үш жыл бойы отыра алмайды. Үкімнің қалған бөліктерін судья өзгеріссіз қалдырды.  

Еске салайық, Серікбаева ҚР Қылмыстық кодексінің "Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзуы" бабы бойынша айыпты деп танылып, қоныс колониясына үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Есембаева ҚР Қылмыстық кодексінің "Жүргізу құқығы жоқ адамдарға көлік құралдарын жүргізуге беру" бабы бойынша айыпты деп танылды, ол қоныс колониясына 2 жыл және 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Алматыда 2 мамырда түнгі уақытта "Қалқаман" ықшамауданында болды. 34 жастағы жергілікті тұрғын Toyota RAV4 маркалы көлігімен Лапин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тоқтап тұрған Mercedes көлігіне соқтығысады, кейін қозғалысын жалғастырып екі жаяуды қағады: 15 жастағы қыз бен балаарбадағы төрт айлық сәбиді қағады. Сәби оқиға орнында қаза тапты, 15 жастағы қыз аяғы сынып, Бірінші балалар ауруханасына жатқызылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети