Алматыда жас жігіт туыстарының үйіне қарақшылық шабуыл жасап, өз атасын балғамен ұрып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 14 сәуір күні таңертең болған. Қарақшылық шабуыл салдарынан 77 жастағы ер адам қайтыс болды, ал оның 74 жастағы әйелі ауыр күйде ауруханаға түсті.

"Күдіктінің аты-жөні бірнеше сағатта анықталды. Ол жәбірленушінің Алматы облысында тұратын 26 жастағы немересі болып шықты. Ол туыстарына кезекті рет ақша сұрау мақсатында барған. Дегенмен зейнеткер немересіне жөн сілтеп, қатты ұрысқан. Ашуланған жігіт атасының және әжесінің басынан балғамен ұрады. Өкінішке қарай, ер адам алған жарақаты салдарынан қайтыс болды, ал оның әйелі ауруханаға түсті. Оқиға кезінде үйде күдіктінің туыс інісі болған. Ұйықтап жатқан ол үйдегі жағдайды естімеген", - деді Алматы ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.
Полицияның мәліметінше, күдікті үйден 300 мың теңге мен бірнеше зергерлік бұйымды алып кетіп үлгерген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеуді Медеу аудандық ІІБ қызметкерлері жүргізіп жатыр.