15 қаңтар 2016 16:40

Алматыда оқушыларға сексуалдық қысым көрсетті делінген мұғалім ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Nnm.me © Nnm.me

Алматы облысында жоғары сынып оқушыларына сексуалдық қысым танытты делінген мектеп мұғалімінің үстінен қылмыстық өндіріс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық өндіріс республикалық дағдарыс орталықтарының бірінен полиция бөлімшесіне келіп түскен хабарламадан кейін басталды. Осы дерек бойынша Ұйғыр ауданындағы мектептердің бірінің мұғаліміне күдік келіп отыр.

"Республикалық ұлттық желісінің сенім телефонына анонимнен қоңырау түсті. Біздің қызметкерлер ақпаратты тексеріп жатыр. Тергеу негізіне ұялы телефонға түсірілген видео мен төрт оқушының берген түсінігі алынды", - деді облыстық ІІД өкілдері. Ұйғыр аудандық ІІБ қызметкерлері күдіктіден жауап алу үстінде.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети