26 сәуір 2016 16:04

Алматыда өз баласын зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты ақтау туралы шығарылған үкімнің күші жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.ru © komi-news.ru

Алматыда өз баласын зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты ақтау туралы шығарылған үкімнің күші жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда өз баласын зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты ақтау туралы шығарылған үкімнің күші жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы прокурордың апелляциялық наразылығы және кәмелетке толмағанның заңды өкілінің, сонымен қатар адвокатының апелляциялық шағымы бойынша келіп түскен ер адамға қатысты қылмыстық істі жабық түрдегі сот отырысында қарап, қаулы шығарды: Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының айыпталушыға қатысты қосшы билерінің қатысуымен қаралған ісі бойынша үкімінің күші жойылсын және жаңа сот талқылауына сол сотқа, бірақ басқа сот құрамында жолдансын. Прокурордың апелляциялық наразылығы және жәбірленушінің өкілдерінің апелляциялық шағымдары қанағаттандырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов. Қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, ол сот залында күзетке алынды. 

Өткен жылдың қазанында 4 жасар баланың анасы полицияға хабар берген. Ол өз баласын күйеуінің зорлағанын мәлімдеді. Баланың анасының айтуынша, сотта күйеуінің кінәсін дәлелдейтін деректер ұсынылған, оған көптеген сараптаманың қорытындысы да қоса берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети