18 тамыз 2015 20:13

Алматыда пәтер тонады делінген күдікті полицейлерге пышақпен шабуылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ІІД баспасөз қызметі © Алматы ІІД баспасөз қызметі

Алматыда пәтер тонады делінген күдікті полицейлерге пышақпен шабуылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 2015 жылдың 18 тамызында сағат 15.00-де Әуезов ауданында болды. Тонау кезінде пәтерде бір қызы бар әйелдің болғаны хабарланып отыр.

Есік алдында қыбырлаған дауысты естіп, құлыпты бұзып жатқан ер адамды көрген олар түкпір бөлмеге тығылып, полицияға хабар берген. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына "Боран-102" экипажы келеді. "Инспекторлар үйдің кіреберісіне кіргенде екінші қабатта оң қолын ішкі төс қалтасына салып тұрған белгісіз ер адамды көреді. Ол полицейлердің заңды талаптарына мойынсынбай, қалтасынан үлкен ас үй пышағын алып, тәртіп сақшыларына қарай ұмтылған. Оны тәртіп сақшылары ұстады. Кейін оның пәтер тонағысы келгенін пәтер иесі айтып берді", - деді Алматы қалалық ІІД жол-патруль полкінің командирі Айтжан Әлмұхамбетов.

Полициядағылардың айтуынша, полицейлерге шабуыл жасаған адам көрші ықшамауданда тұрады. Жәбірленуші әйел оны өз үйінің маңында бірнеше күн бұрын көргенін хабарлады. "Сол кезде ол пәтерлерді қарап жүрген болуы мүмкін", - деді ол. Ал ІІД өкілдері ұсталған азаматтың өз әрекетінде қастандық ой-әрекеттің болғанын мойындамай отырғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети