30 мамыр 2017 09:39

Алматыда пәтер тонап жүрген бір топ адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда пәтер тонап жүрген  бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар Шығыс Қазақстан облысының тумасы.


Алматыда пәтер тонап жүрген  бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар Шығыс Қазақстан облысының тумасы.

Алатау аудандық ІІБ жедел уәкілдері қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасындағы қызметкерлермен біріге отырып, Алматыда пәтер тонап жүрген бір топ адамды ұстады.

"Соңғы үш айда Алатау ауданындағы пәтерлер мен үйлер тоналған. Барлық жағдайда қылмыскерлердің әрекеті ұқсас болған: олар терезе арқылы үйге кіріп, құнды заттар мен ақшаны ұрлап жүрген", - деді полициядағылар.

23-28 жас аралығындағы күдіктілер жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы орталығында жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды. Олар сол жақта тұрып жатқан.

"Ұсталғандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданынан. Қазіргі уақытта олардың 30 дерекке қатысы бар екені расталды. Күдіктілер кінәсін мойындап отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Қазіргі уақытта полиция олардың Алматы қаласында болған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети