Алматыдағы Әуезов ауданының полицейлері ірі көлемде ақша ұрлаған ұрыны әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыдағы Әуезов ауданының полицейлері ірі көлемде ақша ұрлаған ұрыны әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуезов аудандық ІІБ жедел қызметкерлері пәтерден аса ірі көлемде қаражат ұрлап кеткен Алматы қаласының 1987 жылғы тумасын ұстады.
"Бұл оқиға Ақсай-5 ықшамауданында болды. Күдікті бірінші қабаттағы пәтерге ас бөлмесіндегі терезе арқылы арқылы кіріп, ішінде 30 мың доллар тұрған сөмкені алып кеткен. Терезенің торы болмаған. Таң атар уақытта болған. Барлығы ұйықтап жатып, ешкім ещтеңе естімеген. Зардап шеккен тарап мұндай қаражаттың үйде болуын жақында жылжымайтын мүліктерін сатып, ақшаны депозитке салмақшы болғанымен түсіндірді", - деді полиция полковнигі Әуезов ауданының ІІБ бірінші орынбасары Құмарбек Кеншінбаев.
Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Күдікті осыған дейін біреудің мүлігін тонау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарытылған. Осыған байланысты ұсталған ер адамнан зардап шеккендерге мына нөмірлер бойынша хабарласуларын сұраймыз: 298-53-01 немесе 102", - деді Әуезов ауданының ІІБ бірінші орынбасары Құмарбек Кеншінбаев.