20 шілде 2018 16:50

Алматыда полицейлер ұрланған автобөлшек сатылатын орындарды анықтап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

rstavr.ru rstavr.ru

Полиция қызметкерлері Алматы қаласынының ұсталған автобөлшектер базарларын шарлап жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Полиция қызметкерлері Алматы қаласынының ұсталған автобөлшектер базарларын шарлап жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау органдары қызметкерлері көбінесе қаланың автоорталығында, Car City аумағында шара жүргізіп жатқаны байқалған. 

Ұрланған автобөлшек сатушылар анықталып, соған байланысты алдын алу шаралары жүріп жатыр.

Алматы қаласының қоғамдық кеңесі Рахман Алшанов қала бойынша, көліктердің айнасы жиі ұрланатынын мәлімдеді. 

"Мұндай іс әркетті дереу тоқтату керек. Меніңше, барлығы арнайы қызметтің қолында. Бұл жерге аса қатты тырысудың да қажеті жоқ. Бұл бизнестің артын біреу жауып отыр. Мүмкін осындай іспен бір бизнесмен айналысып отыр. Нарықтан қаражат тауып отыр. Алматы қаласының қоғамдық кеңесі қандай шара қолдану керктігін білу үшін Ішкі Істер Департаментін шақырды", - деп мәлімдеді Алшанов. 

Қазақстан автомобилистер тәуелсіз одағының төрағасы Эдуард Эдоковтың пікірінше, автокөліктердің айнасын, басқа да бөлшектерін ұрлау ісі бұрыннан бері қалыптасқан нарық. 

"Ұрлау кезінде саудагерден кететін шығын минималды. Біреу үшін бұл табыс көзі  болып отыр және бұл біздің полиция қызметкерлеріміз үшін жаңалық емес. Ішкі істер министрлігі мен полиция қызметкерлеріне деген қойылмаған сұрақтар әлі көп. Себебі, тапа-тал түсте Денис Тенге жасалған шабуыл сол сұрақтарымыздың бастамасы", - деді сарапшы.  

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Күдіктілердің бірі Нұралы Қиясов ұсталды. Тағы бір күдікті Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети