19 ақпан 2015 15:34

Алматыда ірі қарақшылық шабуылды ұйымдастырушы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматыда ірі қарақшылық шабуылды ұйымдастырған ер адам сотталды, қарақшылар бір адамды өлтіріп, 1 миллион 235 мың доллардың зергерлік әшекейлерін ұрлап әкеткен болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданы прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Алматыда ірі қарақшылық шабуылды ұйымдастырған ер адам сотталды, қарақшылар бір адамды өлтіріп, 1 миллион 235 мың доллардың зергерлік әшекейлерін ұрлап әкеткен болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданы прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Медеу аудандық сотының үкімімен Аслан Насипов қарақшылық шабуылды ұйымдастыруға және іске асыруға кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Қарақшылық шабуылды ұйымдастырушы шекара асып жасырынып жүрген, оған Түркияда іздеу жарияланды, Шешенстанда қолға түсті. 

Іс материалдарына қарағанда, Насипов қылмысты өз сыбайластарымен бірге ұйымдастырған. Оның танысы Кристина Васильева бір отбасыға бала күтуші болып жұмысқа орналасады. Қыз қожайынның үйінде бағалы заттардың қайда сақталатынын біліп алады да, сыбайластарымен бірге қарақшылық шабуылдың жоспарын құрады. Қылмыстық топ құрамында барлығы бес адам болған. Бетперде киіп, қару-жарағын сайлаған топ түнде үйге шабуыл жасайды. Олар отағасыны өлтіріп, оның әйелін қорқытады, бағалы әшекейлер мен 430 мың теңге және екі ұялы телефон салынған сейфті алып кетеді. 

Кісі өлімі мен қарақшылық шабуыл қоғамды дүрліктірген қылмыс болды. Жедел әрекеттер барысында полицейлер қылмыстық топтың үш мүшесін ұстады. 2011 жылдың қараша айында қылмысқа қатысушы Хайбулла Салманов тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Кристина Васильева 10 жыл, Закир Рузукулов 8 жыл жаза арқалады. Айта кету керек, қылмыстық топтың бір мүшесі - отағасыны өлтірген адам әлі табылған жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети