13 ақпан 2017 10:06

Алматыда Роман Ситакты өлтіріп, денесін бөлшектегендерге қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Роман Ситакты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алматыда Роман Ситакты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

24 жастағы Таир Абельдинов тағылған барлық айып бойынша кінәлі деп танылды: "Адам өлтіру", "Бөтеннің мүлкін ұрлау" және "Құжат ұрлау". Ол мүлкі тәркілене отырып, 16,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Ал 23 жастағы Азамат Қабденов екі бап бойынша айыпты деп танылып, 15,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сотталушылардан 332 мың теңге материалдық шығын ретінде, бір миллион теңге моральдық шығын ретінде өндіру туралы шешім шығарды.

Еске салайық, Алматыдағы Райымбек және Абылай хан даңғылдарының қиылысында орналасқан үйлердің алаусындағы қоқыс контейнерінен ер адамның бөлшектелген денесі өткен жылдың қыркүйегінде табылған болатын. Осы іс бойынша сот желтоқсанда басталған. 25 жастағы Роман Ситакты олар ойын приставкасы үшін өлтірген.

Іс материалдарына қарағанда, 6 қыркүйекте айыпталушылар мен қаза тапқан жігіт бірлесіп Абылайхан даңғылындағы 28-ші үйдің 39-шы пәтерін жалдаған. Бірнеше уақыт өткеннен кейін олардың арасында жанжал шыққан. Сөйтсек, Азамат Қабденов, Таир Абельдинов және Роман Ситак арасындағы жанжал Play station 4 приставкасы үшін болған. Сол оқиғаға дейін айыпталушылардың бірі Ситактан приставканы жалға алып, қайтармаған. Ол қаза тапқан жігітке шамамен 80 мың теңге қарыз болған. Біраз уақыттан соң айыпталушылар Ситактың танысына басқа біреулерден ұрланған приставка мен Macbook сатып, 190 мың теңге алмақшы болған. 

"Қабденов пен Абельдинов бір жақтан Ситак бір жақ болып жанжалдасқан, бірін-бірі балағаттауға дейін барған. Айыптаушылар Ситакты өлтіруді ойластырады. Осыдан кейін Қабденов пен Абельдинов келісе отырып, адам өлтіруді ойластырады. Қабденов оң аяғымен Ситактың сол тізесінен соққы жасайды. Соққыдан Ситак құлап түседі, осы кезде қарсылық көрсетуіне қарамастан, Абельдинов бірнеше рет Ситактың ішінен тебеді. Екінші айыпталушы - Қабденов оң қолына асхана пышағын алып, Ситактың кеудесінен ұрған", - деп оқыған еді айыптау актісін прокурор. Пышақ жарақатынан Ситак оқиға орнында қаза тапқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети