24 желтоқсан 2019 12:26

Алматыда сот орындаушысы 2 миллион теңге пара алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Бостандық ауданының сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы қаласы Бостандық ауданының сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп аумақтық сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Н.Әділовтің сыбайлас жемқорлық қылмысын дәлелдеді.

Ол ЖШС директорынан мүлкіне тыйым салу шараларын қолданбағаны және сот актісін орындамау фактісі бойынша материалдарды ішкі істер органдарына жібермегені үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алған.

"Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 сотының үкімімен А.Н.Әділов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай 15 күн бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети