09 желтоқсан 2015 10:42

Алматыда табылған астыртын цех Dizzy Energy мен Coca-Cola сусындарын қалай жасаған - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Dizzy Energy және Coca-Cola сауда белгілерінің өнімдері қолдан жасалатын астыртын қойма табылды, - деп хабарлайды TengrinewsTV облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.


Алматыда Dizzy Energy және Coca-Cola сауда белгілерінің өнімдері қолдан жасалатын астыртын қойма табылды, - деп хабарлайды TengrinewsTV облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Цехтан қақпақты жабатын құрылғы, сусынның қақпағына өнімнің шыққан мерзімін белгілейтін құрылғы, полиэтиленді қаптама пленкасы, сонымен қатар сатуға арналған дайын сусындар табылды. Видеодан "өндірушілердің" бір минуттан да аз  уақытта әйгілі Coca-Cola сусынын қалай дайындағанын көруге болады. Сонымен қатар, сусындарды дайындайтын компоненттер (лимон қышқылы, қант, шәрбат) табылды.

27 қарашада департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Алматыдағы Жетісу ауданының аумағында энергетикалық сусындарды алып бара жатқан қазақстандық азаматты ұстады. Автокөліктен энергетикалық сусынның 50 қорабы табылды. Болжам бойынша, сусындар Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында сатылған. Қазір "Авторлық құқықты бұзу" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети