02 мамыр 2017 18:50

Алматыда тізгінде белбеу тақпай, ұялы телефонмен сөйлескен полицей жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық ІІД тізгінде белбеу тақпай, ұялы телефон арқылы сөйлесіп бара жатқаны түсіп қалған полицейді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қалалық ІІД тізгінде белбеу тақпай, ұялы телефон арқылы сөйлесіп бара жатқаны түсіп қалған полицейді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алматы ІІД басшылығы өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды. Аты-жөні анықталды. Ол - полиция капитаны, Наурызбай аудандық ІІБ учаскелік инспекторының көмекшісі Жұмабекұлы", - деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Оның айтуынша, инспектордың көмекшісі өзінің Toyota Corolla көлігімен кетіп бара жатқан. "Ол өз кінәсін мойындады. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 591-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы" - 5 АЕК)  және 593-бабының 1-бөлігі бойынша ("Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы" - 5 АЕК) ереже бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды". Кейін бұл дерек офицерлік жиында қаралады", - деді Салтанат Әзірбек. Жалпы алғанда инспектордың көмекшісіне 22 690 теңге айыппұл салынды. 

Айта кетейік, осыған дейін тұрғындар полицейдің тізгінде белбеу тақпай, ұялы телефон арқылы сөйлесіп бара жатқанын видеоға түсіріп алған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети